РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл обылысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көкдөнен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкдөнен ауылдық округінің Жақсылық ауылындағы жаңа көшеге "Тау самалы" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұртаза Бақытбекұлы Артыққа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Е.Ж.Ажиров |