Луговой ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 16 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2018 жылғы 26 ақпанда № 3719 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының көше атаулары өзгертілсін:

      Набережная көшесі – Қарасу;

      Кольцевая көшесі – Жеңіс;

      Береговая көшесі – Тәуелсіздік;

      Семафорная көшесі – Игілік;

      Станционная – Ынтымақ;

      Авиационная көшесі – Ғарышкер;

      Четный парк көшесі – Түркісіб;

      Пригородная көшесі – Еңбекші;

      Заготскот көшесі – Кең дала;

      10) Коммунистическая көшесі – Желтоқсан;

      11) Лесхоз көшесі – Ақбұлақ.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Луговой ауылдық округі әкімінің орынбасары Абилов Кайрат Мергенбаевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Сванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады