РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №186 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3173 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қазанда аудандық "Сарысу" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Жарықбасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Нарбаев |