Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларымен индекстерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 4055 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Е.Алтишев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Нарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      __________________Б.Жәнібеков

      "___"______________2018 жыл

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "14" желтоқсандағы
№ 235 қаулысына қосымша

Сарысу ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 29.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Автомобиль жолдарының индекстері

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

1.

КН-SH-1

"Жайлаукөл ауылына кіре беріс" 0-1,7

1,7

2.

КН-SH-2

"Қамқалы ауылына кіре беріс" 0-1

1

3.

КН-SH-3

"Шығанақ ауылына кіре беріс" 0-2,14

2,14

4

КН-SH-4

"Шағалалы ауылына кіре беріс" 0-9,2

9,2

5

КН-SH-5

"Тоғызкент ауылына кіре беріс" 0-0,730

0,730

6.

КН-SH-6

"Әбілда ауылына кіре беріс" 0-0,2

0,2

7.

КН-SH-7

"Саудакент ауылына кіре беріс" 0-3,45

3,45

8.

КН-SH-8

"Ұйым ауылына кіре беріс" 0-0,54

0,54

9.

КН-SH-9

"Жаңаталап ауылына кіре беріс" 0-2,6

2,6

10.

КН-SH-10

"Игілік ауылына кіре беріс" 0-4

4

11.

КН-SH-11

"Маятас ауылына кіре беріс" 0-0,8

0,8

12

КН-SH-12

"Қызылдихан ауылына кіре беріс" 0-6,75

6,75

13.

КН-SH-13

"Жаңатас-Түркістан" 0-8,56

8,56

14.

КН-SH-14

"Түркістан-Арыстанды" 0-12,5

12,5

15

КН-SH-15

"Түркістан-Үшбас" 0-6

6,0

16.

КН-SH-16

"Көк дала 1 ауылына кіре беріс" 0-1,5

1,5

17

КН-SH-17

"Көк дала 2 ауылына кіре беріс" 0-0,750

0,750

18

КН-SH-18

"Жайылма ауылына кіре беріс" 0-2,1

2,1

19

КН-SH-19

"Өндіріс ауылына кіре беріс" 0-0,350

0,350

20

КН-SH-20

"Ақтам ауылына кіре беріс" 0-12

12



Барлығы:

76,87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады