РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы №16 қаулысына қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |||||
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін | ||||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мамандырылған көпсалалы “Ауыз су-Шу” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 63 | 2 % | 3 | 2% | 3 |
- |
- |
2 | Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Шу-Жылу” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 74 | 2 % | 3 | 2% | 3 |
- |
- |
3 | Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Төле би мамандырылған көпсалалы кәсіпорны” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 55 | 2 % | 2 | 2% | 2 | ||
4 | Барлығы | 6 | 8 | 2 |