Теміртау қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 8/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 4630 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидалары бекітілсін.

      2. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қарағанды облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде Теміртау қаласы аумағында таратылатын баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Теміртау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Владислав Моисеевич Цайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Ғ. Әшімов

  Қарағанды облысы
Теміртау қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "19" ақпандағы
№ 8/1 қаулысымен бекітілген

Теміртау қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және Теміртау қаласында қалалық рельстік көлікпен жолаушыларды тасымалдау тәртібін (бұдан әрі - Қағидалар) анықтайды.

      2. Қағидалар Теміртау қаласының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және қалалық рельсті көлікте жүретін жеке тұлға;

      2) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

      3) маршрут – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;

      4) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға.

      4. Қалалық рельсті көлікпен (бұдан әрі – көлік құралы) жолаушыларды үнемі тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы әрбір вагонда, тасымалдаушымен рәсімделетін және вагонның техникалық тексеру және рейс алдында және рейстен кейін жүргізушіні медициналық куәландырудан өту туралы белгімен ауысу кезінде берілетін жол сапар парағын қамтамасыз етеді.

      5. Жолаушыларды тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органмен бекітілген маршрут сызбасы бойынша іске асырылады.

      6. Жол төлемінің көлемі және шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес анықталады.

      7. Қалалық рельсті көлікте жол ақысын қолма-қол ақшамен растау жолаушыға жол-сапар құжаттарын (билет) берумен белгіленеді.

      8. Біржолғы тексеру билеті жолаушылардың жол жүріп өту аралығына қарамастан, бір бағытта, бір маршрут бойынша жол жүру кезіне ғана жарамды болады.

2. Жолаушыларды қалалық рельсті көлікпен тасымалдау тәртібі

      9. Жолаушыға рұқсат етіледі:

      1) маршрут бойынша бір реттік жол жүргені үшін жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;

      2) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке орын беру құқығынсыз өзімен тегін жүргізуге;

      3) өзімен бірге жасы 7-ден 15-ке дейінгі балаларды жеңілдікпен алып жүруге.

      Жасы 7-ден 15-ке дейінгі балаларға жол жүру төлемі ересек жолаушы үшін белгіленген жол жүру бағасынан 50% мөлшерінде төленеді;

      10. Жолаушыға қажет:

      1) маршрутта жол жүрген уақытында тегін жол жүруге құқық беретін жол жүру билетінің немесе құжатының болуына;

      2) жол жүрудің соңына дейін жол жүру төлемін растайтын билетті сақтауға;

      3) кондуктор, контролер және жүргізуші үшін жол жүру құжаттарының (билеттерінің) барлық түрін алғаш талап еткен кезде ашық түрде көрсетуге. Жолаушының тиісті жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжатының болуы кезінде жеңілдікті және тегін жол жүруі жүзеге асырылуы мүмкін;

      4) жол жүру және (немесе) багаж тасымалы төлемінен бас тартқан жағдайда, сондай-ақ беру кезінде билеттің және құжаттың жарамсыз немесе жасанды белгісінің болуы кезінде өкілетті тұлғаның талап етуі бойынша жол жүру және багаж тасымалдау төлеміне бақылауды жүзеге асырады, жақын аялдама бекетінде көлік құралының салонын босатуға.

      11. Рельсті көліктің қызметін пайдалану кезінде жолаушыларға жол берілмейді:

      1) өзінің жол жүру билетін басқа тұлғаға беруге;

      2) жарамсыз жол жүру билетпен жүруге;

      3) басқышта және жол жүру үшін тағайындалмаған басқа көлік құралының элементтерінде жүруге;

      4) көлік құралынан қозғалыс уақытында кіруге және шығуға;

      5) есікті ашу, төтенше-тежегіш үшін механизм әрекетіне келтіру, сондай-ақ жайсыз жағдайдың алдын-алу қажеттілігінен басқа, есікті ашу және жабуға кедергі келтіруге;

      6) жолаушылар мен орындықтарды былғауы мүмкін лас киіммен салонға өтуге және багаж кіргізуге;

      7) терезеден үңіліп қарауға, орындыққа багажды қоюға;

      8) кабина есігінің табалдырығында немесе жүргізуші кабинасында тұрып оның көңілін аударуға, қозғалыс уақытында сөйлесуге, сондай-ақ жүргізушінің салонды шолып қарауын жауып, кабинасы маңында тұруға;

      9) көлік құралының салонында әлде бір хабарламаларды және жарнама парақтарын тасымалдаушы әкімшісінің келісімінсіз жапсыруға;

      10) көлік құралының ішкі жабдықтарын бүлдіруге;

      11) тез тұтанғыш, жарылғыш, жеңіл тұтанғыш, жағымсыз иісті, уландырғыш, уытты заттарды тасымалдауға.

      12. Жолаушылардың қалалық рельстік көлікте жол жүгін алып өту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Қалалық рельсті көлікке қойылатын талап

      13. Жолаушыларды тасымалдауға арналған жылжымалы құрамдар кем дегенде күніне екі рет жинауға және ластануына байланысты көлік құралы тұратын орындарында тазаланып отырылуы қажет.

      14. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары жабдықталуы қажет:

      1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген дәрілік заттары және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар қобдишамен;

      2) еңкіш жолда көлік құралы тұрған жағдайда өздігінен жылжымау үшін тұрақтандыруға арналған тұрақ құралымен (тоспа);

      3) апаттық тоқтау белгісімен;

      4) өрт сөндіргішпен;

      5) жол-көлік маршруттар бойынша, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары болған жағдайда есікті, терезені жедел ашу және шыныны шешу тәсілдері туралы ақпараттық тақтайшалармен.

      15. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға арналған көлік құралдарында болуы керек:

      1) қандайда бір бөгетсіз ашылып және жабылатын жолаушылар салонының есігі. Сонымен қатар көлік құралының есіктерінің үшкір және шығыңқы беттері болмауы қажет;

      2) жүргізушінің кабинасына және жолаушылар салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын жабық күйдегі төбе жабыны және терезе;

      3) жиектері және орындықтары берік бекітілген;

      4) жолаушыларға арналған таза және жыртылмаған орындықтар және арқалықтары;

      5) тегіс, шығыңқы немесе нашар бекітілген бөлшектерсіз, салонның тегіс баспалдақ және едені. Салонның еден жабыны ешбір ақаусыз және жақсы жататын материалдан болуы керек;

      6) көруді төмендететін шаң-тозаңнан, кірден, бояудан және басқа заттардан тазаланған терезенің шынысы;

      7) жылдың салқын кезеңінде жылытылатын және жаздың ыстық кезінде желдетілетін, аспаптармен және қосалқы бөлшектермен ыбырсытпаған жолаушылар салоны.

      16. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға арналған көлік құралының салонында жүргізуші кабинасының қасында келесідей мазмұндағы ақпараттық тақта орналастырылуы керек:

      1) тасымалдаушының толық атауы;

      2) бекітілген тәртіпте расталған маршрут сызбасын және осы маршрут бойынша қозғалыс кестесінің көшірмесі;

      3) жол жүруге және жүкті тасуға бекітілген тариф;

      4) көлік құралында жеңілдікпен және тегін жол жүру құқығы бар, азаматтардың жекелеген санаттарының бекітілген тізбесі.

      17. Көлік құралының алдыңғы, бүйірлік және артқы жақтарында маршруттың нөмірі көрсетілген трафареттер орнатылуы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады