Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "12" сәуірдегі № 16/2 қаулысына қосымша |
Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
№ | Сауда орындары |
1 | 117 квартал, № 3 және № 4 үйлер аралығында |
2 | Қалалық жағажай ауданында |
3 | Лебедев көшесі, № 6 үй ауданында |
4 | 94 квартал, № 1 үй ауданында |
5 | "село Отрадное" ықшамауданы, № 109 үйге қарсы |
6 | Западная көшесі, № 17/1 және № 19 үйлер аралығында |
7 | Прокатная көшесі, № 21 үй ауданында |