Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 15/01 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 мамырдағы №57-58 (12594) "Балқаш өңірі" және № 44 (1613) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 24 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Қапашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | А. Аглиулин |