2018-2019 жылдарға арналған Қаражал аймағының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы XXIV сессиясының № 219 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4851 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018-2019 жылдарға арналған Қаражал аймағының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      XXIV сессияның төрағасы Т.Теміров
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З.Оспанова

  Қаражал қалалық мәслихатының
2018 жылғы 14 маусымдағы
№ 219 шешімімен
бекітілген

2018-2019 жылдарға арналған Қаражал аймағының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі
ЖОСПАРЫ

1-тарау. Негізгі ережелер

      Қаражал қаласы Қарағанды облысының орталық бөлігінде және Жаңаарқа ауданының жартылай шөлейт және шөлейт аймақ жерлерінде, Бетпақ Дала шекарасының солтүстігіне жақын орналасқан.

      Қаражал - облыстық бағыныстағы өнеркәсіптік қала, облыс және ірі өнеркәсіп орталығы - Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км және Жезқазған қаласынан шығысқа қарай 255 км орналасқан.

      Құрамында үш қоныс: Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Шалғия кенті.

      Қаражал аймағының көлемі 164600 гектарды құрайды, соның ішінде 156438 гектар жер жайылымдар. Қазіргі уақытта жайылымдық жерлердің тек 57918 гектары ғана пайдаланылуда, бұл барлық жер көлемінің 37% құрайды.

      Қаражал қаласы тау-кен өнеркәсіп саласы дамыған қалалардың бірі болып табылады. Экономика дамуының негізгі бағыты тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Аймақта екі қала құраушы кәсіпорындар орналасқан орналасқан - "Жәйрем кен байыту комбинаты" акционерлік қоғамы, "Өркен – Атасу "Өкілдігі" Өркен" жауапкерлігі шектеулі серіктестігі".

      Қала халқын азық-түлік өнімдермен қамтамасыз ететін экономиканың агралық секторының негізгі бағыттарының бірі - мал шаруашылығы болып табылады.

      Ал өсімдік өсіру Қаражал қаласының іс жүзінде дамымаған, жеміс-жидектер үй жанындағы учаскелерде өздеріне пайдалану үшін өсіреді.

      Көптеген отбасылар қолда мал ұстайды, мал өнімдерін өздерінің мұқтаждығына жұмсайды және сатады. Мал басы 1700 бас қой мен ешкі (бұдан әрі – ҰММ), 8953 бас ірі мүйізді қара (бұдан әрі – ІҚМ), 800 жылқыны құрайды. Барлық мал басы кенттерге жақын жайылымдарда жайылады. Егер әрбір басқа белгіленген нормативтер бойынша пайдаланылған алаңды санайтын болсақ малды бір жерде қайталай жайылды деп есептеуге болады. Бұл жағдай шөптің кемуіне және малдың тұяқтарымен шөп шығатын жерлерді таптап тастау жағдайына алып келеді. Бұл өз кезегінде топырақтың үстіңгі қабатының бұзылуына алып келіп, яғни, топырақ эрозияға ұшырайды. Осындай "тапталған" жайылымдар аймақта жүздеген гектарды құрайды. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшыраған топырақтар және тақыр жерлер негізінен елді мекендердің және су ішу аймақтарын алып жатыр. Сондықтан да, осы жоспардың негізгі мақсаты алдағы уақытта қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, сондай-ақ, аймақта жалпы мал түрлері мен жайылымдарына қарай бекітілген нормаларға сәйкес талдама жұмыстарын өткізу, аудан жайылымдарын қайта қалпына келтіру, оларды түптамырымен жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, оларды рационалды пайдалану жөніндегі жаңа Заң талаптарына сәйкес жұмыстарды өткізу болып табылады. Бұдан басқа, топырақ эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы ретінде жыл мезгіліне және жайылымдарды пайдалану кезеңіне қарай ауыл округтері халқының малдарын біріктіру, жайылымдарды тиімді пайдалануды ұйымдастыруға көмек беру, малдар мен жайылымдардың жағдайын жақсарту болып саналады. Заң біздің елімізде жайылымдардың инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылымдардың деградацияға ұшырауын болдырмауға және олардың экожүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, мал шаруашылығының экологиялық таза өнімін арттыру мәселелерін де қарастырады.

2-тарау. Аймақтағы жерлердің санаты мен көлемі

      Ауданның климаты құбылмалы суық қыс және құрғақ ыстық жаз. Жыл бойы күшті жел байқалып тұрады. Қысқы уақытта басым желдер шығыс, солтүстік және солтүстік-шығыс бағыттан, орташа желдің жылдамдығы қыста 3,4-5,7 м/с құрайды. Жазда басым желдер солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік –батыстан 3,9-5,7 м/с құрайды. Жыл бойына күшті желдер байқалады және жазда шаңды, қыста боран тудырады.

      Аумақтың жер бедері өзімен азтолқынды жазық учаскелерімен ұсынылады, жазықтардағы ұсақ шоқыларының абсолюттік белгілері 400-500 метрді құрайды, жекелеген рельеф нысандары - шоқылар, тізбектер, қыраттар ең жоғары белгісі 800 метрге жетеді. Жазықтардың беттері өзендер арналарымен, уақытша су көздерімен тегістелген. Еңіс беті әлсіз және Сарысу өзеніне, солтүстік бөлігінің солтүстік - батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-батыс жағына бағытталған.

      Гидрографиялық торабы нашар дамыған және солтүстік шекара аймағында ағып өтетін Сарысу өзенінің бассейніне жатады, оған сол жағалауынан Атасу, Талды-Манақ және ұсақ салалары құяды. Атасу өзені Қаражал қаласынан 20 шақырым шығысында ағады, шамамен қаладан солтүстікке қарай 70 шақырымда Сарысу өзені ағып өтеді. Өзендердің графикалық желісін қаланың батыс жағынан 56 шақырым ағатын ұсақ өзендер Еспе, Байыр және басқа да жүретін өзендер толықтырады. Аумақтың оңтүстік бөлігінде ұсақ су ағындары Көктас, Атасу, Кенжебайсамай, сондай-ақ көптеген уақытша ағын сулар ағады. Қала аумағы жер асты суларымен әлсіз және біркелкі емес қамтамасыз етілген.

      Сарысу өзенінің аңғарында аймақты шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тұзкөл жер асты сулары кен орны барланған, соның есебінен жүзеге асырылуда.

      Топырақ жамылғысы шөл және шөлейт аймақтарға тән және ашық каштанды және қоңыр топырағымен ұсынылған. Топырақ төмен қасиеттерімен, кеңінен таралған тұзды және сортаңданған топырақтың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бөлігінде құмды топырақ кең таралған, игеру кезінде ұсатылуға оңай ұшырайды.

      Өсімдіктер құрғақ далалық аймағының басымдылығымен сипатталады, құрғақшылыққа төзімді көп жылдық, көбінесе астық тұқымдастар- көде тырсық, жусан кездеседі. Осы аумақтың шаруашылық жоспары кең жайылым алқаптарын ұсынады.

      Кестеден көргеніміздей, аймақ территориясы табиғи жағрапиялық жағдайына байланысты жерлердің 3 санатына бөлінеді. Жерлердің бұл санаттары олардың мақсаттарына сай пайдаланылады. Егер аймақ жайылымдарына жалпылама сипаттама беретін болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, яғни жылдан жылға жаңбыр мен қарға қарай өзгеріп отырады. Шөптің шығымдылығы жылдың ауа-райына қарай, гектарына 1,8 центнерден 3 центнерге дейін өзгеруі мүмкін.

3-тарау. Аудандағы жайылымдарды рационалды пайдалану

      Аймақта қала және екі кент орналасқан, негізінен малдың көбі қолда ұсталады, жылдың алты айы ішінде ауылдың шеткі аумақтарында, яғни малдар ауылдың аумағынан 3-5 шақырымнан алыстамайды. Қазір осы жерлердің жартысынан көбі бүлінген, тозығы жеткен. Себебі, халықтың қолында шаруа қожалықтарының мыңнан астам малдары мен аңдары ұсталынады, сәйкесінше малдың тығыздығы осы аймақта қолданылатын көлемнен (нормативтен) бірнеше есе асып түседі.

      Нақты жайылымдық жерлердің 57918 гектарының 95,6 % мал жайылымы үшін қолданылады. Бұл жерлердің көпшілігі қала және кенттерге жақын аумақтарға орналасқан. Қаражал қаласы жерлерінің аумағында малдарға рационның негізгі құрамдас бөлігі болып жайылымдық мал азығы, шөп, табиғи шалғындар қызмет етеді.

      Жобаланатын аумақ шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Шөлді аймақ дала аймағынан дерлік астық тұқымдастардың толық болмауымен және әр түрлі шөптердің өте кедейлігімен ерекшеленеді. бұл жерде Негізгі түрлері болып жусан және кейбір көделер табылады. Әр түрлі кіші өсімдіктер жеткілікті. Ұсақ қара мал және түйеге жайылымдарында көктемгі-жазғы-күзгі маусымның пайдалануы үшін ұсақ өсімдіктер болып табылады.

      Ерте көктемде барлық жерде ашық түсті қызғалдақ, шайыр және джунгарскую, тырсықтың жекелеген даналарын, сексеулдің қара және ақ түстерін кездестіруге болады.

      Құмдар арасында қара сексеуіл, күміс түстес шеңгіл, көп бұтақты жыңғыл және тағы басқалары шығады.

      Өсімдік қауымдастықтарының биіктегілер арасында келесі кешендер ерекшеленеді: жусан, қалтық, тобылғы және қараған.

      Жайылымның басым бөлігі карағандар жайлаған. Қар ұстауда бұталар оң рөль атқарып, топырақты ылғалдандырады және жайылымның өнімділігі айтарлықтай артады.

      Қазіргі уақытта жайылымдарды пайдалану және көп малды бағу тәртібін сақтамау, жердің күтіп-бапталмауына байланысты жемдік өсімдіктер қоры жылдан жылға кемуде. Жалпы алғанда, ғылыми негізделген тәжірибеде жайылымдардың көп жыл бойына өнімділігін сақтау үшін үш негізгі талаптарды ескеру қажет:

      жайылымдық учаскелерде мал санының нормаларын сақтау;

      жайылымдарды пайдаланғаннан соң 30-40 % жалпы өнімнің сақталуы шарт.

      Жайылымда мал жайылымынан соң өсімдіктердің биіктігі 4-5 сантиметр болуы шарт. Себебі, мал өсімдіктің барлық жапырақтарын жеп қояды, қыс кезінде олардың қорларында пайдалы заттардың құрамы азайып кетеді. Кейде қыс кезінде шөпті үсік шалады, ал, аман қалғандары көктемде гүлдегендерімен төменгі сападағы шөптер санатына кіреді.

      Малды жаю мерзімдерін сақтауға кеңес береміз. Малды көктемде жаю көптеген көпжылдық шөптердің (дәнді дақылдар) түктенуінен кейін 10-12 күннен соң бастау қажет. Ал, қалғандары салалы шөп болып өскеннен соң малды жаю керек (жиі бұташалар).

      Осы ережелерді сақтамау келесі жылы жайылымдағы өнімдердің төмендеуіне алып келеді. Алайда, осыған қарамастан жыл бойына жайылымдардағы шөптердің құнарлығы түрлі себептермен өзгерулері мүмкін.

      Қазіргі күнде шалғындық шөп өсімдіктерінің жерлері мен жайылымдардың геоботаникалық құрамы жалпы алғанда түбімен өзгеріске ұшыраған. Мұндай жағдай басқа агротехникалық шаралар мен жерлерді мелиорациялауды өткізуді талап етеді. Шөптің бастапқы өсуін қалпына келтіруді қажет ететін жарамсыз, тозығы жеткен жайылымдар үшін ауыспалы жайылымдар бойынша ғылыми негізде жүргізу керек.

      Аймақта ветеринар мамандармен, жабдықтармен (компьютерлер, тоңазытқыштар, қажетті аспаптар) толық қамтылған бір ветеринарлық станция бар. Ауылдық округтердің малдарын жайылымдарға жаюға шығардың алдында жоспарланған жыл сайынғы эпизоотикаға қарсы шаралар, ветеринарлық-алдын алу егулері, аллергиялық және күкірттік тексеру жұмыстары толық көлемде жүзеге асырылады. Малды селқос ұстау, малдың шағылысуы, төлдеуі кездерінде бақылаудың жоқтығы, малдың денсаулығына байланысты қадағалаудың жоқтығы, малдардың бірігуі, топтасу ережелерінің жоқтығы және басқа да бұзушылықтар малдар арасында жұқпалы инфекциялардың таралуына жол ашады. Сондықтан да жайылымдарды пайдалану және малдарды ұстауда ветеринарлық-санитарлық және зоогигиненалық ережелерді қатаң сақтау қажет. Ауру орын алған жерлерде малдарды егу, залалсыздандыру, дератизациялау жұмыстары жүргізілуі шарт. Аймақ территориясында Қаражал қаласында өлген малды көмуге арналған бір орын бар. Бұл жерде аймақта өлген малдардың, аңдардың мәйіттері жағу және инсениратор әдісімен жойылады. Жәйрем кентінде типтік жобадағы мал көміндісін салу талап етіледі.

4-тарау. Елді мекендердің жайылымдарын маусымдық пайдалануды ұйымдастыру

      Аймақта үш елді мекен бар. Қазіргі күнде барлық жерлердің алаңы 164600 гектарды құрайды, оның 156438 гектары жайылым. Бұл жайылымдар сәйкесінше елді мекендердің жеке аулалардың малдарының санымен салыстырғанда жеткіліксіз.

5-тарау. Алыс жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылымдарды игеру сызбасының әзірлемесі

      Жайылымдар айналымының сызбалары жайылымдарды геоботаникалық тексерулер негізінде әзірленеді.

      Әртүрлі табиғи аймақтар мен жайылымдар түрлеріне сәйкесінше жайылымдар айналымының сызбалары әзірленеді.

      Мал айдау және алыс мал жайылымы сынды жайылымдарды пайдаланудың 2 жүйесі бар. Біріншісі, жайылым малқорада 3 шақырым қашықтықта орналасқан жағдайда, екіншісі алыс қашықтықта жайылымдардың орналасу жағдайында болуы мүмкін.

      Осы жоспарда жайылымдарды жақыннан пайдаланудың жүйесі келтірілген.

      ІҚМ және ҰҚМ табыны жақын жайылымдарда жайылады.

      Суғару құрылғылары. Көктем мезгілінде балғын шөпке жаю кезеңінде жануарларды 3-4 рет суғару керек, жаз кезінде ыстық уақытта 7-8 ретке дейін. Ең жақсы суғару орындары - таза өзендер, бұлақтар, таза тоған сулары. Лас, тұрып қалған сулармен малды, жануарды суғару жарамсыз болып есептеледі және жануарлардың ауруға шалдығуларына алып келеді, әсіресе ішек ауруларын тудырады.

      Қоралардың құрылысы. Қоралар кең, жетерлі деңгейдегі енді, мал сығылысып және топырлап тұрмас үшін кең көлемді түрде жасалған. Қоралардың ені 100 ІҚМ 20-25 метр, бір жылдық жас малдарға 10-15 метр, жылқы табынына 15-20 метр, 500-600 бас отар қойға 30-35 метр.

6-тарау. Қорытынды

      Елімізде мал шаруашылығын дамыту бірінші кезекте жемдік базаны ұдайы қалыптастыру және оларды нығайтумен байланысты болып отыр. Малдың жемінің негізгі құрамы болып жайылымдардың шүйгіндігі болып саналады. Аудандағы жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру Заңының талаптарына сәйкес басқару, жоспарлау жүйесінде бірнеше шараларды талап етеді. Қазіргі күнде жайылымдық ресурстарды рационалды және тұрақты басқару мәселелері көкейтесті болып отыр. Елбасымыз "Қазақстан 2050" Тұжырымдамасында тарихи қалыптасқан дәстүрлерді ескеру арқылы отандық мал шаруашылығын қайта жаңғырту, сондай-ақ, ғылыми-техникалық басқару туралы айтып өтті.

      Осы жоспарда аймағымызда мал шаруашылығын дамытуға арналған табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттеуші нақты шаралар қарастырылған. Егер қала аймағында жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланудың тетіктерін дұрыс жолға қойсақ мал басының өсімін, олардың өндірген сүт, ет және басқа да өнімдерінің көлемін арттыруға болады.

  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына
1 қосымша

Қаражал аймағы жерлерінің алаңы

№ р/с

Жерлердің санаты

Барлығы, га

Соның ішінде, жайылымдар

1

Ауылшаруашылығында қолданылатын барлық жерлер

24270

23458

2

Елді мекендердің жерлері

60538

57918

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауылшаруашылығына қатысты емес жерлер

4999



Барлығы

89807

81376

  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына
2 қосымша

Қазіргі уақытта аймақтағы жайылымдарды пайдалану жағдайы

Елді мекендер

Алаңы, гектар

Соның ішінде

жайылымдар

пайдалануда

1

Қаражал қаласы

59983

57825

57825

2

Жәйрем кенті

417

87

87

3

Шалғия кенті

138

6

6


Барлығы

60588

57918

57918

  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына
3 қосымша

Аймақтағы ветеринарлық-санитарлық нысандар туралы мәліметтер

Елді мекендер

Ветеринарлық станция

Жасанды ұрықтандыру пункттері

Өлген малды көметін жерлер

Жемдеу алаңдары

1

Қаражал қаласы

1


1


2

Жәйрем кенті





3

Шалғия кенті






Барлығы

1


1


  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарына
4 қосымша

Қаражал аймағының қалалары мен кенттері тұрғындары малдарының жайылымдармен қамтамасыз етілуі

№ р/с

Елді мекендердің атауы

Малдың сантүрлілігі

Басы

Жасыл жемге қайта есептеудегі жайылым нормасы

Кенттерге жақын орналасқан жайылым-дар алаңы

Қамты-луы, +,-

Бір басқа, кг

Барлы-ғы, га

1

Қаражал

ІММ

3670

35

25690

57825

26785



ҰММ

1500

7

2100





Жылқы

650

25

3250



2

Жәйрем кенті

ІММ

4583

35

32081

87

-64287



ҰМҚ

5420

7

7588





Жылқы

4941

25

24705



3

Шалғия кенті

ІММ

700

35

4900

6

-5924



ҰММ

200

7

280





Жылқы

150

25

750



  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарына
5 қосымша

     


  2018-2019 жылдарға арналған Қаражал
аймағының жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарына
6 қосымша

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады