Шалғы кентінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шалғы кентінің әкімінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Шалғы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың құтырма ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Шалғы кентінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шалғы кенті әкімінің 2018 жылғы 3 наурыздағы "Шалғы кентінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 наурыздағы № 10 (895) "Қазыналы өңір" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 06 наурыздағы электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалғы кентінің әкімі С. Мәлтіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады