Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 26 сессиясының № 292 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4843 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда, "Саран газеті" газетінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 3 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – 100 айлық есептік көрсеткішінен көп емес".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары және Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылықтарының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Исенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Баймағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады