Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 13.05.2019 № 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен іске асырылатын білім беру қызметтерінің бағасы бекітілсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 38/9 "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен іске асырылатын білім беру қызметтерінің бағасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3497 тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтың жүйесінде, 2015 жылғы 27 қарашадағы № 47 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймақов |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 8/06 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен іске асырылатын білім беру қызметтерінің бағасы
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымының атауы | Көрсетілетін ақылы білім беру қызметтерінің (үйірмелердің) тізбесі | Айына өтетін сабақтар саны, 1 үйірмеге | Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ата-ана төлем ақысының көлемі (теңге), 1 үйірмеге |
1 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "АлҰнка" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" |
8 сабақ |
800 |
2 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "БерҰзка" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты агылшын" | 8 сабақ | 800 |
3 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Ботагөз" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" | 8 сабақ | 800 |
4 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Гүлдер" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" | 8 сабақ | 800 |
5 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Еркетай" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" | 8 сабақ | 800 |
6 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Қарлығаш" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" | 8 сабақ | 800 теңге |
7 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Салтанат" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" |
8 сабақ |
800 |
8 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Снегурочка" сәбилер-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
1. "Қызықты ағылшын" | 8 сабақ | 800 |