Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Омарбеков |
Мәслихат хатшысы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы кезектен тыс XXI сессиясының № 1515/21 шешiмiне қосымша |
Шахтинск қалалық мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 26 қазандағы XXXVII сессиясының № 739/37 "Шахтинск аймағында салынатын салықтың кейбір мәселелері туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 48 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІIІ сессиясының № 789/3 "Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-110 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырдағы № 21 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
3. Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі ХХVІIІ сессиясының № 1045/28 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының № 789/3 "Тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2705 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 15 тамыздағы № 32 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
4. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі ХХХІIІ сессиясының № 1117/33 "Шахтинск қаласының аумағына салық салу мақсаты үшін аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3201 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 5 маусымдағы № 22 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
5. Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 шілдедегі ІV сессиясының № 1309/4 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 22 шілдедегі № 29 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
6. Шахтинск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі ХІV сессиясының № 1414/14 "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының № 789/3 "Тiркелген жиынтық салықтың бiрыңғай ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 18 тамыздағы № 33 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).