Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының және 444-бабының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | О. Файзулина |
Мәслихат хатшысы | Ж. Мамерханова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шахтинск қаласының әкімі |
С. Аймаков |
2016 жылғы "_5_" __шілде_
"КЕЛІСІЛДІ"
Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы |
М. Сатыбалдин |
2016 жылғы "_5_" __шілде_
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т. Маковий |
2016 жылғы "_5_" __шілде_