Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.
3. Абай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Абай қаласы белгіленсін.
4. Абай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 42/501 "Абай ауданындағы автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы" 42 сессиясы шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-123 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (3904) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Белан |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Цай |
КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданы бойынша | |
мемлекеттік кірістер Басқармасы | |
басшысының м.а. | Т. Дүйсенбаев |
2018 жылғы 19 сәуір
КЕЛІСІЛДІ:
"Абай ауданының жер | |
қатынастары, сәулет және қала | |
құрылысы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Р. Сатыбаева |
2018 жылғы 19 сәуір
Абай аудандық мәслихатының 29 сессиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 29/324 шешіміне 1-қосымша |
Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Р/с N | Автотұрақтардың түрлерi | Санаттары |
1. | Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар. | 1 санат |
2. | Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар. | 1 санат |
2. | Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар. | 2 санат |
Абай аудандық мәслихатының 29 сессиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 29/324 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi
р./с. N | Автотұрақтардың санаты | Мөлшерлемелер |
1. | 1 санат | 10 есе |
2. | 2 санат | 9 есе |