Абай ауданындағы автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 42 сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 42/501 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда N 8-9-123 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 29 сессиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі N 29/324 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 29 сессиясының 19.04.2018 N 29/324 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.

      3. Абай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер), автомай құю бекеттері үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Абай қаласы белгіленсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

Сессия төрағасы

В. Черепанов

Абай аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Цай

КЕЛІСІЛДІ


Абай ауданы бойынша


салық басқармасының


бастығы

Т. Дүйсенова


      12.12.2011 ж.

  Абай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
42 кезекті сессиясының
N 42/501 шешіміне
1 қосымша

Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Р/с N

Автотұрақтардың түрлерi

Санаттары

1.

Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар.
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар.

1 санат

2.

Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар

2 санат

  Абай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
42 кезекті сессиясының
N 42/501 шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi

р./с. N

Автотұрақтардың санаты

Мөлшерлемелер

1.

1 санат

10 есе

2.

2 санат

9 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады