Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 15.07.2019 № 27/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 07-1-1-24/85 ұсынысының негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты Есенгелді ауылдық округі Пахотное ауылының аумағында орналасқан "Амантай" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
М. Мағзин |