Курмин ауылдық округі Жұмабек ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Курмин ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 наурызда № 4670 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылдық округі, Жұмабек ауылындағы көшелер келесідей:

      1) Безымянная көшесін Бәйтерек көшесіне;

      2) Подхозная көшесін Сұңқар көшесіне;

      3) Подстанция көшесін Наурыз көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Курмин ауылдық округінің әкімі Ж.М. Жұмаділ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады