2018 жылға Жаңаарқа ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 13/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 наурызда № 4661 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 11/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 14.02.2019 № 11/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 1 қосымшаға сәйкес;

      2) Жаңаарқа ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 2 қосымшаға сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ю. Бекқожин

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 13/04 қаулысына
1 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%)

Бас бостанды ғынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

97

1

1

2.

"Жаңаарқа - Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

169

1

2

3.

"Сарыарка-ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

112

2

2

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 13/04 қаулысына
2 қосымша

Жаңаарқа ауданының қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Самға 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

97

1

1

2.

"Жаңаарқа - Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

169

1

2

3.

"Сарыарка- ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

112

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады