Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 1-қосымшаға сәйкес;
2) Жаңаарқа ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 2- қосымшаға сәйкес.
2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурызындағы №13/04 "2018 жылға Жаңаарқа ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4661 тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 30 наурызында, "Жаңаарқа" аудандық газетінің №15 (9852) санында 2018 жылы 7 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылған болып танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңаарқа ауданының әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ю. Бекқожин |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысына 1- қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Жаңаарқа - 2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 62 | 1 | 1 |
2. | "Арқа Құрылыс 2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысына 2- қосымша |
Жаңаарқа ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%) | Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Жаңаарқа - 2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 62 | 1 | 1 |
2. | "Арқа Құрылыс 2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |