Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 20/135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 23.08.2018 № 32/229 шешімімен.3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XLVII сессиясының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 47/326 "Жаңаарқа ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3559 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 62 (9712) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XX.ХІІ сессиясының төрағасы |
Ж. Рыспеков |
Ауданд.ық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |