Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 5079 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2019 жылдың қаңтарынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.

      2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ю. Бекқожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады