Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Занының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 наурызда № 14881 болып тіркелді), аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2019 жылдың қаңтарынан наурызына дейін, Нұра ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Д. Тұраровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндеттерін атқарушысы |
М. Жуманов |