Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Нұра кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Нұра кентінің көшелері:
1) Вольф көшесі Герольд Бельгер көшесіне;
2) Энергетиков және Плешаков көшелері Нүркен Әбдіров көшесіне;
3) П. Резник көшесі Жауынгер-интернационалистер көшесіне;
4) Старчев көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
5) Горький көшесі Қаныш Сәтбаев көшесіне;
6) Строителей көшесі Тәттімбет Қазанғапұлы көшесіне;
7) Торговая көшесі Құрманғазы Сағырбайұлы көшесіне;
8) 1, 1 б, 6, 7, 8, 15, 16, 17, 22, 23, 24, 25, 26, 35, 34, 33, 32, 31, 29, 36, 37, 38, 40, 39, 41, 42 үйлер орналасқан Ақпасов көшесінің бөлігі Әлихан Бөкейхан көшесіне;
9) 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 27, 28, 50 үйлер орналасқан Ақпасов көшесінің бөлігі Шоң Телғозыұлы көшесіне;
10) 18, 19, 19 б, 21, 20 үйлер орналасқан Ақпасов көшесінің бөлігі Тілен батыр көшесіне;
11) 9, 10, 11, 11 б, 12, 13, 14 үйлер орналасқан Ақпасов көшесінің бөлігі Бауыржан Момышұлы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімінің міндеттерін атқарушысы | Ж. Балабиев |