Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтерское селосының әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 4801 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Шахтерское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Шахтерское ауылының көшелері:

      1) Комсомольская көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      2) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      3) Заготзерно көшесі Сарыарқа көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы Г. Смагулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады