Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 15.08.2018 № 07 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Николаев ауылдық округінің Николаевка ауылының аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |