Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 29/01 "Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |