Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кент тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Молодежный кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі Ленина көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды "Молодежный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сұрақтар бойынша бөлімінің басшысы З.М. Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Садиков |