Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Казақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының қортындысы негізінде, Мирный ауылдық округі әкімінің ШЕШІМІ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Мирный ауылының көшелері:
1) Ленина көшесі Сарыарқа көшесіне;
2) Комсомольская көшесі Достық көшесіне;
3) Мичурина көшесі Нұрлы Жол көшесіне;
4) Заготзерновская көшесі Қазақстан көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Карсыбаев |