Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 18/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 4735 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген) № 412 бұйрығына сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А. Әбілдинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

  Шет ауданы әкімдігінің 2018
жылғы 10 сәуірдегі
№ 18/04 қаулысына қосымша

Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Қызметкерлердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі (%)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Әлішер" шаруа қожалығы

5

20

1

2

"Шет аудандық мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

155

0,6

1

3

"Дружба" шаруа қожалығы

15

7

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады