Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде Красная поляна ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының Красная поляна ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Гаражная көшесінің атауы – Бірлік көшесі болып;
2) Звездная көшесінің атауы - Сарыарқа көшесі болып;
3) Набережная көшесінің атауы - Нұра көшесі болып;
4) Ленина көшесінің атауы - Байқоңыр көшесі болып.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | С.Макажанов |