2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 6158 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.10.2018 № 1232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14813 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №3-1-9/35559 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар;

      2) субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы
С. Сүлейменов

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" қаңтардағы № 1018 қаулысымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттар мен талаптар

1

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату


Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын күту

ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басының ауыл шаруашылығы малдарының сәйкестендіру базасы мен ақпараттық талдау жүйесінде тіркеуде болуы;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу


Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту

ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басының ауыл шаруашылығы малдарының сәйкестендіру базасы мен ақпараттық талдау жүйесінде тіркеуде болуы;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" қаңтардағы № 1018 қаулысымен бекітілген

Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 28.04.2018 № 1124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

1 бірлікке
арналған
субсидиялар
нормативтері,
теңге

Субсидия көлемі

бас,
тонна

мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу 

1.1

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық норматив

10000

48000

480000

2) 

Қосымша норматив:




80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

8000

10000

80000

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

6000

10000

60000

1.2

Асыл тұқымды аналық бас 

1)

Базалық норматив

10000

1750

17500

2) 

Қосымша норматив:




80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

20000

1300

26000

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

15000

214

3210

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

150000

1115

167250

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Асыл тұқымды аналық бас 

1)

Базалық норматив

10000

1527

15270

 
2)

Қосымша норматив:




70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

20000

600

12000

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

15000

800

12000

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу 

1)

отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

170000

350

59500

3.

Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату:

1)

бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық

37

9253

342361

2)

бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық

22

200

4400

3)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

14

198

2772

Мал шаруашылығы

1.

100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату 

1)

400-ден 450 килограмға дейін

45000

895

40275

2)

451-ден 500 килограмға дейін

60000



3)

501-ден 550 килограмға дейін

65000



4)

551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары

75000



2.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

20000

1210

24200

3.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

4000

10500

42000

4.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

100000

50

5000

Қой шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1000

20000

20000

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

2500

37624

94060

2)

тауарлы қойлардың аналық басы

1500

64999

97498,5

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу 

1)

тұсақтар

8000

5000

40000

2)

тұқымдық қошқарлар

20000

1150

23000

4.

Қозы етін өндіру құнын арзандату

1500

6000

9000

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

100000

150

15000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

40000

295

11800

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

85

40

3400

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

120

100

12000

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

100000

10

1000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

40000

25

1000

3.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

75

200

15000

4.

Түйе етін өндіру құнын арзандату

100

70

7000

Азық өндіру

1.

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату

20000

200

4000

2.

Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын күту

330786

1050

347325

3.

Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту

251692

612

154035,5

Барлығы

х

х

2248857


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады