2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1232 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қазанда № 6448 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17306 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6158 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған);

      2) "2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1018 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 1124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6303 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 маусымда жарияланған).

      3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1232 қаулысымен бекітілген

2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.12.2018 № 1276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

бас,
тонна

мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: 

1.1

Тауарлық аналық бас

бас

10000

606

6060

1.2

Асыл тұқымды аналық бас*

бас

20000

1985

39700

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100000



3.

Отандық етті тұқымдардың асыл
тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу

бас

150000

100

15000

4.

Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу*

бас

225000

200

45000

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына
бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

тірідей салмағының бір килограмы

200

96,86

19372

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағының бір килограмы

200



7.

Ірі қара малды союмен және етін
бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

сиыр етінің бір килограмы

175



Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу





1.1

бір жынысты

доза

10000



1.2

қос жынысты

доза

5000



2.

Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:





2.1

отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталған

бас

150000



2.2

Аустралия, Америка Құрама Штаттары және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған*

бас

225000



3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

3.1

бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

35

1018,37

35643

3.2

бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

20



3.3

бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

10



3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі**

сынақ салмағының бір килограмы

10



4.

Қоғамдық табынның өсімін молайту
үшін пайдаланылатын сүтті және
сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100000



5.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және
ауыл шаруашылығы кооперативтерінде
ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5000



6.

Эмбриондарды телу жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

80000



7.

Сүтті бағыттағы аналық бастың
азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

120000



Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және
ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

1000



2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

2.1

асыл тұқымды аналық бас

бас

2500

30802

77005

2.2

тауарлық аналық бас

бас

1500

24772

37158

3.

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар
сатып алу 

бас

8000

490

3920

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін
асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу

бас

10000



5.

Қозы өткізу құнын арзандату

бас

3000

2100

6300

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100000



2.

Бие сүтін өндіру және өндеу құнын
арзандату

килограмм

60



Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып
алу

бас

100000



2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55



Барлығы

х

х

х

285158

      Ескертпе:

      * - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;

      ** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражат бөлінгенде.

      Асыл тұқымды және таза тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған финалдық нысандағы тәуліктік асыл тұқымды балапанды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

      Тауар өндірушілер үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты өндірісі арнайы комиссияның қорытындысында көрсетілген, 24-аш нысаны бойынша өткен жылға арналған жылдық статистикалық деректермен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады