"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының кейбір ауылдары:
1) Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінің Бірлестік ауылы "Жаназар батыр" ауылы;
2) Шиелі ауданының Қоғалы ауылдық округінің Ботабай ауылы "Тұрсынбай датқа" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | ____________ Қ. Көшербаев |
Қызылорда облыстық | |
мәслихатының кезекті | |
19-сессиясының төрағасы, | |
облыстық мәслихат хатшысы | _____________ Н. Байқадамов |