"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 257 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 қарашада № 6511 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      19. Қызылорда облысының мектептеріне компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсету (2018 – 2021 жылдарға).

      20. Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      21. Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      22. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде "Рауан" инклюзивті балабақшасын ашу (2018-2028 жылдарға).

      23. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық медицина орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында катетерлеу зертханасын құру және жұмысын қамтамасыз ету (2019-2023 жылдарға).

      24. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында катетерлеу зертханасын құру және жұмысын қамтамасыз ету (2019-2023 жылдарға).

      25. Шиелі ауданындағы индустриалдық аймаққа электр желісін тарту (2019-2022 жылдарға).

      26. Қызылорда қаласы Төле би көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу (2019-2025 жылдарға).

      27. Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінде денешынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      28. Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінде денешынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      29. Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінде денешынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      30. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде денешынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      31. Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      32. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019-2028 жылдарға).

      33. Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2019 – 2028 жылдарға).

      34. Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және пайдалануға беру (2019-2028 жылдарға).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қызылорда облыстық мәслихатының
24-сессиясының төрағасы, облыстық
мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады