Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 1256 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 256 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қарашада № 6513 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мына әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен елді мекендер таратылып, жақын орналасқан елді мекендер:

      1) Арал ауданы бойынша:

      Сексеуіл кентінің Құланды жылқы зауыты Сексеуіл кентінің құрамына;

      Қосаман ауылдық округінің Бердікөл ауылы Қосаман ауылының құрамына;

      Қаратерең ауылдық округінің Көлжаға ауылы Жаңақоныс ауылының құрамына;

      Атанши ауылдық округінің Атанши ауылы Жіңішкеқұм ауылының құрамына;

      Қарақұм ауылдық округінің Көкаша ауылы Абай ауылының құрамына;

      Жетес би ауылдық округінің Водокачка ауылы Раиым ауылының құрамына;

      Бөген ауылдық округінің Көне Бөген ауылы Бөген ауылының құрамына;

      Қамыстыбас ауылдық округінің №91 разъезді №92 разъездінің құрамына;

      2) Қазалы ауданы бойынша:

      Басықара ауылдық округінің №98 разъезді Басықара ауылының құрамына;

      Майлыбас ауылдық округінің №103 разъезді №102 разъездінің құрамына;

      Сарбұлақ ауылдық округінің Сортүбек ауылы Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылының құрамына;

      Мұратбаев ауылдық округінің №96 Кеңес разъезді Мұратбаев ауылының құрамына;

      3) Қармақшы ауданы бойынша:

      Жосалы кентінің Кемесалған ауылы және Шошқакөл ауылы Жосалы ауылының құрамына;

      Жаңажол ауылдық округінің Шалқар ауылы және Смайылтамы ауылы Дүр Оңғар ауылының құрамына;

      Қуаңдария ауылдық округінің Тұрғантамы ауылы Қуаңдария ауылының құрамына;

      Ақжар ауылдық округінің Таңшапағы ауылы Ақжар ауылының құрамына;

      Үшінші интернационал ауылдық округінің Бірлік ауылы Үшінші интернационал ауылының құрамына;

      4) Сырдария ауданы бойынша:

      Тоқмағанбетов атындағы ауылдық округінің №8 разъезді және №9 разъезді Тоқмағанбетов атындағы ауылының құрамына;

      5) Шиелі ауданы бойынша:

      Талаптан ауылдық округінің №19 разъезді Бала би ауылының құрамына;

      6) Жаңақорған ауданы бойынша:

      Кейден ауылдық округінің Қауық ауылы Аққұм ауылының құрамына;

      Талап ауылдық округінің Сатымсай разъезді Бесарық станциясының құрамына;

      Бесарық ауылдық округінің Апанқақ ауылы Бесарық ауылының құрамына;

      7) Қызылорда қаласы бойынша:

      Талсуат ауылдық округінің Геологов ауылы және Қызылжарма ауылдық округінің №11 разъезді Талсуат ауылдық округінің Талсуат ауылының құрамына;

      Қызылжарма ауылдық округінің Байқадам ауылы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 24-сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады