"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17306 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 1232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6448 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
|
Қ. Көшербаев
|
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "05" желтоқсандағы № 1276 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "2" қазандағы № 1232 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№
|
Субсидиялау бағыты
|
Өлшем бірлігі
|
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
|
Субсидия көлемі
|
бас,
тонна
|
мың теңге
|
Етті мал шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
|
1.1
|
Тауарлық аналық бас
|
бас
|
10000
|
606
|
6060
|
1.2
|
Асыл тұқымды аналық бас*
|
бас
|
20000
|
1985
|
39700
|
2.
|
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
|
бас
|
100000
|
|
|
3.
|
Отандық етті тұқымдардың асыл
тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу
|
бас
|
150000
|
100
|
15000
|
4.
|
Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу*
|
бас
|
225000
|
200
|
45000
|
5.
|
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына
бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату
|
тірідей салмағының бір килограмы
|
200
|
96,86
|
19372
|
6.
|
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
|
қосқан салмағының бір килограмы
|
200
|
|
|
7.
|
Ірі қара малды союмен және етін
бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату
|
сиыр етінің бір килограмы
|
175
|
|
|
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу
|
|
|
|
|
1.1
|
бір жынысты
|
доза
|
10000
|
|
|
1.2
|
қос жынысты
|
доза
|
5000
|
|
|
2.
|
Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:
|
|
|
|
|
2.1
|
отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталған
|
бас
|
150000
|
|
|
2.2
|
Аустралия, Америка Құрама Штаттары және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған*
|
бас
|
225000
|
|
|
3.
|
Сүт өндіру құнын арзандату:
|
3.1
|
бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық
|
сынақ салмағының бір килограмы
|
35
|
1018,37
|
35643
|
3.2
|
бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық
|
сынақ салмағының бір килограмы
|
20
|
|
|
3.3
|
бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық
|
сынақ салмағының бір килограмы
|
10
|
|
|
3.4
|
Ауыл шаруашылығы кооперативі**
|
сынақ салмағының бір килограмы
|
10
|
|
|
4.
|
Қоғамдық табынның өсімін молайту
үшін пайдаланылатын сүтті және
сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
|
бас
|
100000
|
|
|
5.
|
Шаруа (фермер) қожалықтарында және
ауыл шаруашылығы кооперативтерінде
ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
бас
|
5000
|
|
|
6.
|
Эмбриондарды телу жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді субсидиялау
|
бас
|
80000
|
|
|
7.
|
Сүтті бағыттағы аналық бастың
азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
|
бас
|
120000
|
|
|
Қой шаруашылығы
|
1.
|
Шаруа (фермер) қожалықтарында және
ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
бас
|
1000
|
|
|
2.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
|
2.1
|
асыл тұқымды аналық бас
|
бас
|
2500
|
30802
|
77005
|
2.2
|
тауарлық аналық бас
|
бас
|
1500
|
24772
|
37158
|
3.
|
Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар
сатып алу
|
бас
|
8000
|
490
|
3920
|
4.
|
Тауарлық отардың өсімін молайту үшін
асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу
|
бас
|
10000
|
|
|
5.
|
Қозы өткізу құнын арзандату
|
бас
|
3000
|
2100
|
6300
|
Жылқы шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
|
бас
|
100000
|
|
|
2.
|
Бие сүтін өндіру және өндеу құнын
арзандату
|
килограмм
|
60
|
|
|
Түйе шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып
алу
|
бас
|
100000
|
|
|
2.
|
Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
|
килограмм
|
55
|
|
|
Барлығы
|
х
|
х
|
х
|
285158
|
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;
** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражат бөлінгенде.
Асыл тұқымды және таза тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған финалдық нысандағы тәуліктік асыл тұқымды балапанды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Тауар өндірушілер үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты өндірісі арнайы комиссияның қорытындысында көрсетілген, 24-аш нысаны бойынша өткен жылға арналған жылдық статистикалық деректермен айқындалады.