Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 10232 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 ақпанда № 6164 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 13832 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 19.07.2019 № 13832 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрлiгi Қызылорда
облысының iшкi iстер
Департаментi Қызылорда
қаласының iшкi iстер басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
________________Д.С.Беркімбаев
"23" қаңтар 2018 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №10232 қаулысына қосымша

Қызылорда қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

1. Көтермелеудiң түрлерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қызылорда қаласы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министiрлiгi Қызылорда облысының iшкi iстер департаментi Қызылорда қаласының iшкi iстер басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Iшкi iстер басқармасы) енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша Ішкi iстер басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Ішкi iстер басқармасы салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

      8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Iшкi iстер басқармасы ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады