Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 161-26/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 6345 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.03.2022 № 114-17/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15630 болып тіркелген) сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда қаласы елді мекендерінің аумағындағы жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентi бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Ақсуат, Ақжарма, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округтері үшін алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, Талсуат ауылдық округі үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезекті ХХVІ сессиясының төрайымы
Л. ҚОЖАНИЯЗОВА
      Қызылорда қалалық мәслихатының
хатшысы
Р. БОХАНОВА

  Қызылорда қалалық мәслихатының
2018 жылғы 8 маусымдағы
№ 161-26/8 шешiмiмен бекітілген

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.03.2022 № 114-17/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді - Қызылорда қалалық мәслихатының 31.07.2024 № 175-23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы регламентте қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      1) жергiлiктi қоғамдастық – шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;

      2) жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (бұдан әрi-жиналыс) – жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге қатысуы;

      3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер – реттелуi Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кент және ауыл қызметiнiң мәселелерi;

      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергiлiктi қоғамдастық жиналысының мүшесi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлi.

      3. Жиналыс Регламентiн Қызылорда қалалық мәслихаты (бұдан әрi-қалалық мәслихат) бекiтедi.

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауыл, кент, ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;

      3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргiзу тәртiбi

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Қаланың бюджетінен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі кент, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      кент, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда қалалық мәслихатының 31.07.2024 № 175-23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жиналысты кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      7. Жиналысты шақыру алдында кент, ауылдық округі әкiмiнiң аппараты жиналысқа қатысушы мүшелердi тiркеудi өткiзедi, оның нәтижесiн әкiм немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкiлеттiк берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткiзу орны мен уақытын көрсете отырып енгiзедi.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан кезде өттi деп есептеледi.

      8. Жиналысты шақыруды әкiм немесе ол уәкiлеттiк берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргiзу үшiн ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртiбiн кент, ауылдық округі әкiмiнiң аппараты жиналыс мүшелерi, тиiстi аумақтың әкiмi енгiзген ұсыныстар негiзiнде қалыптастырады.

      Күн тәртiбiне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешiмдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртiбi оны талқылау кезiнде толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн.

      Жиналысты шақырудың күн тәртiбiн жиналыс бекiтедi.

      Күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша дауыс беру жеке өткiзiледi. Егер оған жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берсе, мәселе күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.

      10. Жиналысты қал әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға қалалық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшiн және жиналысқа шақыруды өткiзу тәртiбi бойынша сөз сөйлеу регламентiн төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшiн уақыт бөлiнедi. Егер сөз сөйлеушi бөлiнген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзiн тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесi бiр мәселе бойынша екi реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегi жиналыс мүшелерiнiң сауалдары, түсiндiру және сұрақтарға жауап беру үшiн сөйлеулерi сөз сөйлеу деп есептелмейдi. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына берiледi және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерiнiң дәлелдi ұсыныстары бойынша үзiлiстер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелерiне қысқа мәлiмдемелер немесе хабарламалар жасау үшiн уақыт берiледi, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмдер қабылдау тәртiбi

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде қалалық мәслихаттың қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді кент, ауылдық округ әкімі қарайды және кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Кент, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      Кент, ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған қала әкімнің және қалалық мәслихаттың атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен қалалық мәслихаттың таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.

      15. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары, лауазымды адамдар өкiлеттiктерi шегiнде жиналысты шақыруда қабылданған және кент, ауылдық округінің әкiмi мақұлдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешiмдердi кент, ауылдық округі әкiмiнiң аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен таратады.

4-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелi түрде жиналыстың шешiмдерiн орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешiмдердi орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиiстi ақпарат хаттамаға енгiзiледi, оны жиналыстың төрағасы қала әкiмiне немесе жиналыстың шешiмiн орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешiмдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс қала әкiмi немесе тиiстi лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады