"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының жерлерінен "Арал сода" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне теміржол желісін жүргізу үшін жалпы көлемі 7,0 гектар жер учаскесі жер пайдаланушыдан алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Арал сода" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржол нысанын жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал қаласының әкімі | Б. Махатов |