"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес Арал ауданы, Жақсықылыш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсықылыш кентіндегі "Иван Панфилов" тұйық көшесі "Сағадин Дәріқұлов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсықылыш кентінің әкімі | М. Жалғасбаева |