Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 189 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |