Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 05.06.2020 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529 - бабының 6 тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы бойынша салық салу объектісінің аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
АУДАН ӘКІМІ | М. ЕРГЕШБАЕВ |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "31" мамырдағы №100 қаулысына қосымша |
Қазалы ауданы бойынша салық салу объектісінің аймаққа бөлу коэффициенті
р/с | кент, қала, ауылдық округтердің атаулары | аймақтың атауы | аймаққа бөлу коэффициенттері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Әйтеке би кенті | 1-аймақ | 1,93 |
2 | 2-аймақ | 1,93 | |
3 | 3-аймақ | 1,93 | |
4 | 4-аймақ | 1,76 | |
5 | Қазалы қаласы | 5-аймақ | 1,78 |
6 | Ғ.Мұратбаев, Құмжиек, Басықара, Қарашеңгел, Көларық ауылдық округтері | 6-аймақ | 1,64 |
7 | Сарыкөл, Өркендеу, Бірлік ауылдық округтері | 7-аймақ | 1,59 |
8 | Арықбалық, Майдакөл, Алға, Қызылқұм, Бозкөл, Аранды, Майлыбас, Ақжона, Тасарық, Сарбұлақ, Шәкен ауылдық округтері | 8-аймақ | 1,54 |