Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 309 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қазанда № 6451 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:

      1) №1 кварталдағы атауы жоқ №3 жаңа көшеге "Шамау Ибрашев" есімі;

      2) №3 квартал аймағында орналасқан (Рахманберді Сабырбаев көшесімен қатар орналасқан) жаңа көшеге "Мұратбай Жарылқағанов" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары А.Кушербаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім міндетін уақытша атқарушы Ж.Муратбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады