Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 02 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 13 мамырда № 6198 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы мынадай көшелер:

      1) "Сырдария" көшесін "Айтжан Өмірзақов" есімімен;

      2) "Ленин" көшесін "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Майлыбас ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы К.Картабаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Майлыбас ауылдық округінің әкімі Қ.Жұбатқан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады