Көшеге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 21 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қазанда № 6479 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес Өркендеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылындағы атауы жоқ көшеге "Иса Жарылқағанов" есімі берілсін.

      2. Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылындағы "Әбділда Тобаев" көшесінің солтүстік бетіндегі бір қатары "Жеткербай Байқадамов" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өркендеу ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Г. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады