"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 643 "2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6157 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 8 ақпанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.";
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ә.Қошалақов |