"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі Тұрмағанбет ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 5518,0 гектар, Қуаңдария ауылдық округі Қуаңдария ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 6300,0 гектар, Т.Көмекбаев ауылдық округі Т.Көмекбаев ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 12 732,0 гектар, Иіркөл ауылдық округі Иіркөл ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 7448,0 гектар, Жосалы ауылдық округі Төребай би ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 12 498,0 гектар, Жаңажол ауылдық округі Дүр Оңғар ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 5406,0 гектар, Алдашбай ахун ауылдық округі Алдашбай ахун ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 6433,0 гектар, Ақтөбе ауылдық округі Ақтөбе ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 3382,0 гектар, Қармақшы ауылдық округі Абыла және Қызылтам ауылдарының шекараларының (шектерінің) жалпы алаңы 7583,0 гектар, Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 4425,0 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С.Мақашов |
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясының төрағасы |
Б.Нысанбаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы: |
М.Наятұлы |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "30" қарашадағы №857 қаулысына және Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы "30" қарашадағы №210 шешіміне қосымша |
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағанбет ауылының, Қуаңдария ауылдық округі, Қуаңдария ауылының, Т.Көмекбаев ауылдық округі, Т.Көмекбаев ауылының, Иіркөл ауылдық округі, Иіркөл ауылының, Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылының, Жаңажол ауылдық округі, Дүр Оңғар ауылының, Алдашбай ахун ауылдық округі, Алдашбай ахун ауылының, Ақтөбе ауылдық округі, Ақтөбе ауылының, Қармақшы ауылдық округі, Абыла және Қызылтам ауылдарының, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылының шекаралары (шектері)
№ | Жерлердің атауы | Оның ішінде (гектар): | |||||||
ауыл шаруашылығы алқаптары | Басқа да жерлер | ||||||||
егістік | көп жылдық екпелер | тыңайған жер | шабындық | бақша | жайылымдар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағанбет ауылы | 5518 | 30 | 3 | - | 530 | 51 | 4489 | 415 |
2 | Қуаңдария ауылдық округі, Қуаңдария ауылы | 6300 | 17 | - | - | - | 25 | 5299 | 959 |
3 | Т.Көмекбаев ауылдық округі, Т.Көмекбаев ауылы | 12 732 | 13 | - | - | - | 29 | 8857 | 3833 |
4 | Иіркөл ауылдық округі, Иіркөл ауылы | 7448 | 25 | 1 | - | - | 26 | 6473 | 923 |
5 | Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы | 12 498 | 27 | 3 | - | - | - | 7176 | 5292 |
6 | Жаңажол ауылдық округі, Дүр Оңғар ауылы | 5406 | 62 | - | - | - | - | 3964 | 1380 |
7 | Алдашбай ахун ауылдық округі, Алдашбай ахун ауылы | 6433 | 8 | - | - | - | 14 | 5550 | 861 |
8 | Ақтөбе ауылдық округі, Ақтөбе ауылы | 3382 | 55 | 7 | - | - | 26 | 1719 | 1575 |
9 | Қармақшы ауылдық округі, Абыла және Қызылтам ауылдары | 7583 | 2 | - | - | - | - | 4601 | 2980 |
10 | Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы | 4425 | 47 | 4 | - | - | 28 | 3209,5 | 1136,5 |