"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымындағы №2 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:
1) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ №4 көшеге "Ыбрагім Қасымовтың" есімі;
2) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ №8 көшеге "Жұмабек Ташеновтің" есімі берілсін.
2. Жосалы кенті Т.Көмекбаев тұйығы "Меңей батыр" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ш.Сыдықов |