Жосалы кентінің көшелеріне атау беру және тұйық көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 328 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қарашада № 6496 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ №16 көшеге "Әбен Тоғызбаев" есімі;

      2) атауы жоқ №18 көшеге "Рабиға Шалабаева" есімі;

      3) атауы жоқ №10 көшеге "Желтоқсан" атауы;

      4) атауы жоқ №11 көшеге "Бәйтерек" атауы;

      5) атауы жоқ №12 көшеге "Мәңгілік Ел" атауы;

      6) атауы жоқ №13 көшеге "Түркістан" атауы;

      7) атауы жоқ №14 көшеге "Астана" атауы;

      8) атауы жоқ №15 көшеге "Жібек жолы" атауы;

      9) атауы жоқ № 19 көшеге "Байқоңыр" атауы;

      10) атауы жоқ №20 көшеге "Жерұйық" атауы;

      11) атауы жоқ №21 көшеге "Өркениет" атауы;

      12) атауы жоқ №22 көшеге "Қызылорда" атауы берілсін.

      2. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің қайталанатын келесі тұйық көшелері:

      1) "Бауыржан Момышұлы" тұйық көшесі "Сырлытам" көшесі;

      2) "Батыс" тұйық көшесі "Жетіасар" көшесі;

      3) "Қармақшы" тұйық көшесі "Ақмешіт" көшесі;

      4) "Нұртай Жайсаңов" тұйық көшесі "Сортөбе" көшесі;

      5) "Шығыс" тұйық көшесі "Сейхун" көшесі;

      6) "Балқы Базар" тұйық көшесі "Жанкент" көшесі;

      7) "Тайшық би" тұйық көшесі "Қызылқұм" көшесі;

      8) "Үсен Томанов" тұйық көшесі "Бестам" көшесі;

      9) "Қазан" тұйық көшесі "Қарөзек" көшесі;

      10) "Әбдіуәли Жаназаров" тұйық көшесі "Алтынасар" көшесі;

      11) "Қабылан батыр" тұйық көшесі "Шірік-Рабат" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.

      4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады